Биыл Ақмола облысында 17 бағыттағы автожолда жөндеу жүргізіледі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында республикалық және жергілікті автомобиль жолдарын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, өңірде құрылыс, реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Атап айтсақ:
«Екатеринбург – Алматы» автожолының 1231-1247 шақырымында автоматтандырылған өлшеу қондырғыларын орнату және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу көзделген;
«РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автожолының 856-913 шақырымындағы учаскесі күрделі жөндеуден өтеді;
«Жақсы – Есіл – Бұзулық» тасжолының 80+900 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді;
«РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары арқылы» 930-960 шақырымында орташа жөндеу жасалады;
«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының Шортаңды ауылы жанындағы өтпежолға орташа жөндеу жүргізіледі.
Сонымен бірге, облыстық жолдарда 3 көпір салу жоспарланып отыр. Мәселен, «Атбасар – Сочинск», «Есіл – Свободное – Раздольное және Зеренді ауданы Садовой ауылдық округінің Заречное ауылында тұрғызылмақ.
Бұдан бөлек, құрылыс компанияларымен орташа жөндеу жұмыстары келесідей автожолдарда жүргізіледі:
«Екатеринбург-Алматы» – Түрген – Константиновка – Белоярка» 0-67 км;
«Жаңа Қалқұтан – Ақкөл – Азат – Минск» 55 - 104 км;
«Атбасар – Қима» - «Жақсы – Державинск» 9 - 51 км;
«Жақсы – Державинск» 101,5 – 140 км;
«Зеренді - Қызыл Кордон – облыс шекарасы» 5,1 - 41, 3 км;
«Бұзулуқ – Алматы» 0 - 38,5 км.
Айта кетейік, Ақмола облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7940 шақырымды құрайды. Оның 2314 км – республикалық, 5626 км – жергілікті желі.