Биыл Ақмола облысында 616 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында 616 мың шаршы метр баспана немесе 28 жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның 17-сі жалға берілетін, 11-і кредиттік үй, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Ақмола облысында 616 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1112 отбасы тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс кезең-кезеңмен жалғасуда.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 282 өтінім қабылданып, оның 181-і мақұлданды. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 98 пәтер жалға берілді.

Нақтырақ айтсақ, Степногорск қаласы мен Целиноград ауданында – 30 пәтерден, Атбасар ауданында – 16, Есіл ауданында – 12, Біржан сал ауданында – 10 пәтер», - деп атап өтті аймақ басшысы Ермек Маржықпаев онлай режимде өтіп жатқан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есеп беру кездесуінде.

Аймақ басшысының айтуынша, өңірде тұрғын үй құрылысы биылғы жылы да жоғары қарқынмен жүргізілмекші.

«Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы саласында сапалы «серпіліс» жасап, шамамен 616 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл 28 жаңа тұрғын үй (оның 17 жалға берілетін, 11 кредиттік үй)», - деп толықтырды Ермек Маржықпаев.