Биыл әлемдік экономикада мұнайды пайдалану күніне 1,3 млн. баррельге дейін артпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы әлемдік экономикада мұнайды пайдалану өткен жылмен салыстырғанда бұдан бір ай бұрын болжанғандай күніне 1,4 млн. баррельге емес, 1,3 млн. баррельге дейін ғана артады, деп жазады РБК Халықаралық энергетикалық агенттік баяндамасына сүйеніп.
Осылайша, ХЭА өкілдері сәуір айында әлемдік экономикада мұнайдың тұтынылу мөлшерінің артуына қатысты болжамдарын біршама төмендетті. Сөйте тұра, 2014 жылы әлемде мұнайдың тұтынылу мөлшері еш өзгеріссз қалып, күніне 92,7 млн. баррельді құрады.
Енді осы жылдың ІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша әлемде мұнайдың біріншілік өңделуі маусымдық факторлардың ықпалынан өткен тоқсандағы күніне 76,4 млн. баррельмен салыстырғанда 75,9 млн. баррельге дейін төмендемек. Алайда, 2013 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда әлемде мұнайдың бірінші реттік өңделуі күніне 900 мың баррельге дейін артпақ, деп болжайды ХЭА.