Биыл Алматы қаласында 5 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласының энергокешенін дамыту жөніндегі меморандумдар аясында 14 инфрақұрылымдық жоба жасалған. Биыл оның бесеуі жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен "Мемлекеттік тапсырыс-2011" акциясында айтылды.

Биыл  Алматы қаласында   5  инфрақұрылымдық жоба  жүзеге асырылды

"Биыл жүзеге асырылған 5 жобаның құны 22 миллиард теңгені құрайды. Қазір өзге жобалар бойынша қаржыландыру мәселесі ашық қалып отыр. Соның бірі - 2-Жылу электр орталығын кеңейту. Ол 39 миллиард теңгеге бағаланып отыр. 2011 жылы 9,9 миллиард теңге бөлу жоспарлануда", -дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов.

Оның айтуынша, бұл екінші және бірінші жылу электр орталықтарын жалғастыратын магистраль құрлысының бір бөлігі. Қазір магистраль құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Енді 2-ЖЭО жылу алу үшін 1-ЖЭО қалпына келтіру керек. 7-Қысқы Азия ойындары өтетін спорт нысандарын энергиямен қатамасыз ету үшін Ерменсай, Шымбұлақ, ҚазҰУ және Жаңа кіші стансалары салынды. Оған 22 миллиард теңге бөлінді. Қазір 220 кВт/с Кеңсай кіші стансасы салынып жатыр. Ол пайдалануға берілген кезде қаланың энергокешені шеңберленіп, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз етеді.