Биыл Алматы облысы аумағында жаңа қоқыс өңдеу полигоны ашылады
Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындармен кездесуі барысында айтты.
Қала әкімінің айтуынша, Алматының қоқыстары аталған полигонда өңделіп, сақталады. Әкім өз сөзінде қала тұрғындары денсаулығының жақсаруы мен өмір сүру сапасының артуы қаланың экологиялық жағдайына байланысты екендігін айтты.
«Алдағы жылы инвесторларды тарту арқылы Аэропорттық және Сайран көлдерін көгалдандыру, Үлкен және Кіші Алматы өзендерін кейбір бөліктерінде, сондай-ақ Баум бағының жағажайлық бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Қазіргі кезде жаңа субұрқақтарды салу мен ескілерін жөндеу, ұзындығы 60 шақырымдық арық салу жұмыстары жүргізілуде», - деді қала әкімі.
«Сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерін көгалдандыру, көшелерде гүлдендіру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу де жалғасады. Менің ойымша, бұның бәрі қаламыздың келбетін әрлеп, экологиялық жағдайға оң әсер етеді деді»,- А. Есімов.