Биыл Алматы облысында 35 мектеп пайдалануға беріледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Алматы облысында 35 мектеп, ал оның 24-і білім күні пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда өткен ұстаздардың тамыз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматы облысында 35 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Алматы облысының білім беру саласының бюджеті 153,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде білім беру нысандарының құрылысына 27 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Өңірде 48 білім беру нысанының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 44 мектептің 35-і пайдалануға беріледі.
null
Білім күнінде 24 жаңа мектеп өзінің алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердің 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
null