Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді
АЛМАТЫ. ҚазаАқпарат – Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек оқуларын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына орай соңғы қоңырау болады.
«Алматының барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 2022 жылғы 16-17 маусымда тапсырылады. Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді»,- деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Білім және ғылым министрлігі мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салды.
Алматы қаласында 287 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 207 мемлекеттік және 80 жеке меншік. 2021-2022 оқу жылында 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылардың саны 300 мыңға жуық.