Биыл Алматыда 200 шақырым жол жөнделеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда биыл 200 шақырымнан асатын көшеге - орташа жөндеу, 350 мың шаршы метрден астам аумаққа - ағымдағы жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көше жөнделеді.

Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді.

Орташа жөндеу жолдағы зақымды түзеу, тозған жоғарғы қабаттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмысты қамтиды.

«Жұмысты мердігерлік ұйымдарды анықтайтын конкурс аяқталған соң басталады. Магистральдық көшелерді орташа жөндеуді 27 тамызға дейін аяқтау жоспарланған, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Жұмыс басталар алдында әр көше бойынша жұмыстың жоспарланған мерзімі бар тізім жарияланады», - деп хабарлады әкімдіктен.

Сонымен қатар, мегаполисте ұсақ зақымдардың алдын алу мен шұғыл түзетуді көздейтін ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілмек.

«Оның аясында Алматыда шұңқырларды бітеу, люктерді көтеру, жарықтарды жабу, басқа да жұмыс жүргізіледі. Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жөндеумен 350 мың шаршы метрден астам аумақты қамту жоспарланған, сондай-ақ, 30 шақырым тротуар мен 40 аялдама кешені жөнделеді», - делінеді әкімдік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар