Биыл Алматыда ақпараттық технологиялар саласында мамандар дайындайтын жаңа университет ашу жоспарланып отыр ? Қ. Есекеев

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Алматыда ақпараттық технологиялар (IT) саласында мамандар дайындайтын жаңа университет ашу жоспарланып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада www.bnews.kz бизнес порталында өткен интернет конференцияда Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз қазір ЮЭйБи атты жеке университетпен бірлесіп, Алматыда жаңа университет ашудамыз. Қазір тіркеуден өтіп қойдық, танымал мектеппен келісімге отырдық. Біз ашылатын университетке түлектерді биыл қабылдауды жоспарлап отырмыз. Лицензия мәселесі шешілгеннен кейін бұл университет қаншалықты жұмыс істейді деген мәселені шешетін боламыз. Биыл 300 адамды қабылдау жоспарда бар. 3-4 жылдан кейін қабылданатын студенттердің саны артатын болады», деді өз сөзінде Қ. Есекеев. Қ. Есекеев аталмыш университетте оқитын әрбір студентке өз желісінде отырып, білім алуы үшін ноут-бук, iPod берілетінін айтты. «Жаңылмасам бізде 150 грант бар. ҰБТ-дан 75 пайыз балл жинаған талапкер осы университетке қабылдана алады. Мұнда американдықтар, ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші мамандар дәрістер оқиды. Біз Яндекс-пен, mail.ru-мен, ірі компаниялармен келіссөздер жүргіздік», деді ол. Қ. Есекеев аталмыш университет елімізде инженерлер элитасын қалыптастыратынына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар