Биыл Алматыда бірнеше базарды жаңғырту аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда «Рахат кз» базарлары мен «Алатау» базарының 4 блогын жаңғырту аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жетісу ауданы - Алматы қаласының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі. Ауданда 941 кәсіпорын бар. Оның ішінде 37 ірі және орташа кәсіпорын және 904 шағын кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Статистика деректері бойынша 2020 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 212,3 млрд теңге болды. 2020 жылы бөлшек сауда көлемі 743,7 млрд теңге, көтерме сауда көлемі 1 трлн теңге болған. Былтырғымен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 8,7% - ға өсті.

Әкімнің айтуынша пандемияға қарамастан, нарықтарды жаңғырту және индустриялық-инновациялық жобалардың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 45,8 млрд теңге инвестиция құйылған.

«Биыл «Рахат кз» базары мен «Алатау» базарының 4 блогын жаңғыртуды аяқтау, сондай-ақ «Керемет» сауда үйінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 3 жоба инвестициясының жалпы сомасы 2,6 млрд теңге болған, 880 жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Гүлнар Көкебаева.

Биыл жалпы инвестиция сомасы 1,3 млрд теңге болатын, 150 жұмыс орны болатын «Вираж» автосалонының құрылысын аяқтау көзделген.


Соңғы жаңалықтар