Биыл Алматыда нан бағасы көтерілмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік нан бағасы 2020 жылдың 1 ақпанына дейін көтерілмейді. Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Білісбековтің айтуынша, келесі жылдың ақпан айына дейін нан бағасын өсірмеу үшін бірқатар компаниялармен меморандумға қол қойылды.

«Тараптар 3000 тонна ұнды белгіленген бағамен - 115 теңге жеткізетін болды. Қазір қаладағы дүкендерге ұнның бағасы 125 – 130 теңге аралығында. Әлеуметтік нан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін 75-80 теңгеден аспайтын болады. Осы бағаны ұстап тұру үшін біз қазір ұн өндіретін «Aizet Farms» ЖШС келіссөздер жүргізудеміз. Яғни, біз бұл келісімді ұзартуды жоспаралап отырмыз», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол кейбір жерлерде нанды жоғары бағада сатылып жатқанына қатысты пікір білдірді.

«Мен бүкіл қаладағы нан сататын дүкендерді жауып тастай алмаймын. Мысалы, «Ақсай нан» зауытының қалада 200-ге жуық сауда нүктесі бар. Сол дүкендерден «Magnum» желісінің бағасымен нан сатып алуға мүмкіндік бар, онда әлеуметтік нан 69 теңгеден сатылуда», - деп қосты ол.

Сонымен қатар, ол Алматыдағы әлеуметтік нан бағасы республикадағы ең төмен баға екенін атап өтті. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру жұмыстары үнемі және үздіксіз жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram