15:05, 27 Сәуір 2021 | GMT +5
Биыл Алматының 600 көшесіне жарық тартылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматының 601 көшесіне жарық тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылы Алматыда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмысы жалғасады. Биыл Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы қалған 601 көшеге жарық тартылады»,-деді онлайн брифинг барысында қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев.
Сонымен қатар, 2020 жылы жеті негізгі көшеге сыртқы жарықтандыру желілері тартылды.
«Шетсіз қала» бағдарламасы аясында, сыртқы жарықтандыру желілері 1423 көшеге тартылды. Атап айтар болсақ, Алатау - 413 көше, Жетісу - 84 көше, Наурызбай - 312 көше, Түрксіб - 614 көше.