Биыл «Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында «Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биыл «Алтын белгіден»  үміткерлердің  65 пайыздан  астамы ғана өз білімдерін қуаттады

"Алтын белгіге" үміткерлердің жалпы саны - 5 037 түлек болды, оның 4 982-сі тестілеуге қатысты, 3 259-і, яғни 65,4 пайызы - өздерінің үздік білімдерін растады. Үздік білімдерін растай алмағандардың саны - 1720, оның ішінде бір пән бойынша - 996 түлек растай алмады. 450 мектеп бітірушіге "Алтын белгі" белгісін растауға 1 балл жетпей қалды. Бірақ оларға үздік аттестат беріледі.