Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам әйел ЭКҰ жасатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған экстракорпоралды ұрықтандыру процедуралары туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам әйел ЭКҰ жасатты

«Биылғы 6 ай қорытындысы бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 4 900 пациент ЭКҰ орталықтарына экстракорпоралды ұрықтандыруға жіберілді (70%), оның ішінде 3 317 (47%) әйелге ЭКҰ қызметі жүргізілді», - деп жауап берді редакцияның сұрағына Денсаулық сақтау министрлігі.

2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7 000 пациентке ЭКҰ (100%) жүргізілді, есепке 3 218 жүкті әйел (46%) тұрды, оның ішінде 2 212 бала (32%) дүниеге келді.

Айта кетсек, тәуелсіздік алғалы 28 мыңнан астам қазақстандық ЭКҰ бағдарламалары бойынша дүниеге келген.