Биыл аса ауыр қылмыстар 19,5 пайызға төмендеді - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2014 жылдың өткен кезеңінде 273 985 (285 538) қылмыс тіркеліп, 4 пайызға төмендегені байқалады.

Биыл аса ауыр қылмыстар 19,5 пайызға төмендеді - Бас прокуратура

"Қылмыстың құрылымына қарай алатын болсақ, ауыр емес қылмыстардың үлесі - 33 016 немесе 12 пайыз, ауырлығы орташа қылмыстар - 216 255 немесе 78,9 пайыз, ауыр қылмыстар - 22 931 немесе 8,4 пайыз деңгейінде, аса ауыр қылмыстар - 1 783 немесе 0,7 пайыз көлемінде болып отыр", - деп хабарланды ҚР Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінен.

Жалпы барлық қылмыс санаттары бойынша қылмыстың төмендеуі байқалады, тек қана алаяқтық қылмыс 3,8 пайызға өсіп отыр.

Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар - 19,5 пайызға (2 216-дан 1 783-ке), ауыр қылмыстар - 19,2 пайызға ( 28 381-ден 22 931-ге), ауырлығы орташа қылмыстар - 1,7 пайызға (219 948-ден 216 255-ке), ауыр емес қылмыстар - 5,6 пайызға ( 34 993-тен 33 016-ға) төмендеді.

Тонау - 25,2 пайызға (15 355-тен 11 490-ға) және қарақшылық - 36,2 пайызға (1 151-ден 734-ке) азайған.