Биыл Астана мектептерін 2 мың 769 оқушы бітіреді

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы Астанада 2 мың 769 оқушы мектепті тәмамдайды. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті,

Биыл Астана мектептерін 2 мың 769 оқушы  бітіреді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектептердегі соңғы қоңырауларды өткізу мерзімі мамырдың 25-іне белгіленді. Осы күні Астана қаласында сағат 10-да мектеп бітірушілердің қатысуымен салтанатты жиындар өтеді. Әкімдік мәліметіне қарағанда, оқу жылының аяқталуына байланысты шаралардың аясында «Сыныптастар кездесуі», «Мектеп күні», «Түлек-2009», «Ашық есік күндері», «Балалықпен қоштасу», «Өз ағашыңды отырғыз» секілді акцияларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.