Биыл астанада 12 мектептің құрылысы бітеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаа әкімдігі жыл соңына дейін 40 мың орындық 12 мектепті қолданысқа беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл астанада 12 мектептің құрылысы бітеді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі редакцияның сауалына берген жауабында айтты.

«2021 жылдың соңына дейін 40 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда», - деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері өндірістік жұмыстар кестесі бойынша 4 дене шынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.

Жауапта «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарындағы, Көктал тұрғын массивіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы тамыз айына дейін бітуі тиіс екені де айтылған.

Ал желтоқсан айында «Алматы» және «Есіл» аудандарыы мен «Железнодорожный» және Ильинка тұрғын массивінде осындай нысандарды қолданысқа беру жоспарланған.