Биыл астықтың бағасы төмендемейді - Қазақстан Астық одағының басшысы

ПЕТРОПАВЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы астықтың бағасы төмендемейді, деп есептейді Қазақстан Астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев.

Биыл астықтың бағасы төмендемейді - Қазақстан Астық одағының басшысы

«Баға төмендейді деп қорқудың қажеті жоқ, өйткені әлемдік баланс өте шиеленісіп тұр. Өткен жылы әлемде астықты пайдалану және өндіру теңесті, өндіріс қашан да асып түсетін, бірақ тұтыну әлемде жыл сайын арту үстінде, олар теңесті», - деді Н.Тілеубаев аграрлық секторды дамыту мыселелері бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының қатысуымен өткен кеңесте.

Биыл жақсы егін алу үшін Қазақстан үшін ғана емес, бүтін әлем үшін жақсы жағдайлар болып отырған жоқ. «Сондықтан, баға төмендемейді», - деп сендірді ол.