Биыл астықтың жалпы жиынтығы 12 млн. тонна көлемінде болады - АШМ жауапты хатшысы

АСТАНА.  16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде бастапқы салмақта 14 млн. тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
None
None

«Бүгінде республикадағы астық дәнді-дақылдарының орағы аяқталуға жақындады. Атап айтқанда, 15 млн. гектар егіс орылды. Немесе астық егістері ауданының 99,7 пайызы қамтылды. Гектарынан 9,6 центнер шығымдылығымен бастапқы салмақта 14 млн. тоннаға жуық астық бастырылды»,-деді жауапты хатшы.

Оның сөзіне қарағанда, енді 52 мың гектар дәнді-дақылдарының егістіктерін ору қалды. Негізінен бұл Оңтүстік өңірлердегі жүгері мен күріш егістері.

Е. Аманның айтуынша, өңделгеннен кейін астықтың жалпы жиынтығы 12 млн. тонна көлемінде болады деп күтілуде. Атап айтқанда, өткен жылдардағы 9,8 млн. тонна (2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша) қалдық астықты ескергенде   жалпы астық жиынтығы ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, 8 млн. тонна көлемінде астықты экспорттауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар