Биыл Атбасарда су басу қаупі бар елді мекендерден 200 отбасы көшіріледі

None
None
АТБАСАР. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында су басуы мүмкін елді мекендерден 500 отбасы тұрады. Бұл туралы Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз соңғы үш жыл ішінде 459 отбасын су басу аймағынан көшірдік. Дегенмен әлі де 500 отбасы қауіпті аймақ тұрып жатыр. Бұл 500 отбасын көшіру үшін 100 пәтерлі бес тұрғын үй мен оның инженерлік желілеріне жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Өткен жылы Үкімет резервінен 100 пәтерлі екі тұрғын үй мен оларға инженерлік желілер салуға 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінді»,-деді А.Қалжанов.

Аудан әкімі атап өткендей, қазіргі кезде Атбасар қаласында 200 пәтерлі екі тұрғын үй салынып жатыр.

«Алдағы қыркүйек айына қарай 200 отбасын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Алған 300 отбасын көшіру үшін 3 тұрғын үйдің құрылыс бойынша Ақмола облыстық құрылыс басқармасы жұмыс істеп жатыр. Бұл үйлерге қатысты мәселе әлі толық шешілген жоқ», -деп толықтырды аудан әкімі.


Соңғы жаңалықтар