Биыл Атырау облысында 11 балабақша салынады
«Жалпы алғанда, құрылысы жүріп жатқан балабақшалар 2435 орынға арналған. Бес нысан жергілікті бюджет қаражатына салынуда. Атырау қаласы Шығыс шағынауданында, Сағыз аулында және Индерборский кентінде - 290 орындық, Қызылқоға ауданы Тасшағыл, Қарабау ауылдарында - 100 орындық, Атырау қаласы Геолог-2 кентінде 165 орындық балабақша салынуда», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантұреев.
Оның айтуынша, демеушілер есебінен 6 балабақша салынуда: Доссор кентінде 100 орындық санаторлық үлгідегі балабақша, Еркінқала ауылында 290 орындық, Нұрсая шағын ауданында 320 орындық, Қүласыр қаласында әрқайсысы 290 орыннан екі балабақша, Ганюшкино ауылында 200 орындық бір балабақша.
Осы жылы 2590 орындық тағы 11 балабақшаның құрылысы жоспарлануда: біреуі жергілікті бюджет қаражатына, 10-ы демеушілер есебінен бой көтереді.