Биыл Атырау облысында 75 отбасы «Нұрлы жер» арқылы баспаналы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ипотекалық қарыздарды субсидиялайтын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көп пəтерлі тұрғын үйдің 90 %-не тұрғындар қоныстанып үлгерді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
None
None

Атырау облысында жаңа тұрғын үй бағдарламасы жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие. Мемлекеттік қолдау шараларын алған 68 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы да 7 отбасы баспаналы болады.

Бағдарлама операторларының айтуынша, қатысушыларды 10% мөлшеріндегі тиімді ставка, қалған бөлігін мемлекеттің субсидиялауы сынды тиімді шарттар қызықтырады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында коммерциялық банктердегі ипотекалық қарызды субсидиялау 2016 жылдан бастап қаралып жатыр. Қарыз алушының субсидияланатын қарызының төлемі 10 пайызды құрайды, қалған бөлігін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» төлейді. Несие алар кезде қарыз алушы банкке комиссиялық жарна төлемейді»,-дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Атырау аймақтық бөлімшесінің директоры Əлімжан Дабысов.

Субсидиялау бағдарламасы жылына 10 пайыздан аспауы тиіс және ақырғы пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қарыз алушы ипотекалық қарызды төмен пайызбен алады, қалған 7 пайызды мемлекет субсилиялайды. Бұл механизм ипотекалық несиелеуді дамытуға, тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Атырау облысында əлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға несиелік жəне жалға берілетін тұрғын үйлер қорын құру аясында мың жарым пəтер салу жоспарлануда.

«Биыл 37 көп пəтерлі тұрғын үй салу жоспарланды, оның 29-ы, яғни 1617 пəтер пайдалануға берілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жыл аяғына дейін бітеді»-дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мəлік Аманов.

Соңғы жаңалықтар