Биыл Атырау облысында қанша бала жазғы лагерьде демалады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 78 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьде демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, жазғы лагерьлердің жұмысы 5 маусымда басталады.

«Биыл жазғы лагерьлер 5 маусым мен 31 тамыз аралығында жұмыс істейді. Басты мақсат – жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын көңілді өткізуін ұйымдастыру. Лагерьлерде 1-10-сыныптарда оқитын 7-14 жас аралығындағы 78 198 бала демалады. Оның ішінде 149 мектептің жанындағы тамақпен қамтылатын және шипажай үлгісіндегі лагерьлерде 8 466 бала демалады. Ал, 65 644 бала тамақ берілмейтін лагерьге барады», -деп хабарлады Орынтай Биманова.

Оның мәліметіне сүйенсек, өңірдегі жеті ауданда 19 «Жас шабақ құтқарушылар» тобы жасақталды.

Жоғары сынып оқушылары жазғы демалыс кезінде еңбек практикасына тартылады.

Балалар көгалдандыру топтарына бөлініп, мектеп ауласындағы талдарға су құйып, тазалық жүргізеді.

«Мектеп оқушыларын өзге өңірлердегі лагерьлерге де жіберу көзделіп отыр. Мәселен, «Жаздық сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында 1000 оқушы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті университеті ұйымдастыратын «Ainaline Camp» демалыс орнына барады. Ал, жалпыға міндетті оқу қорынан қала маңындағы лагерьлерде 1277 оқушы демалады. Олар үшін өзге облыстың мәдени, таихи әрі көрікті орындарына саяхаттар ұйымдастырылады», -деп мәлім етті Орынтай Биманова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында мектеп бітіретін 167 түлек Алтын белгіге үміткер болып отырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар