Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің мәліметінше, жаңа пәтерлер Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында салынып жатқан 9 көпқабатты үйден беріледі.

Жаңа тұрғын үйлерді көктемде пайдалануға тапсыру көзделіп отыр.

«Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 47 530 шаршы метр. Қазір «Запад строй ЕРС» ЖШС тұрғын үй құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда», - дейді Мерей Жантөреев.

Оның айтуынша, келісімшартқа сәйкес «Запад строй ЕРС» ЖШС көпқабатты үйлерді биылғы маусымға дейін пайдалануға береді.

Содан кейінгі 5 жылда тұрғын үйге қызмет көрсетуге міндеттеме қабылдаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 150-дей атыраулық отбасы баспаналы болған еді.