Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін форвард сатып алуға қаражат 2 есе көп бөлінді
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардты сатып алуды жүзеге асырады. Егер осы мақсатқа былтырғы жылы 24,5 млрд тенге бөлінген болса, биылғы жылы жоспарланып отырған сатып алу сомасы 45,3 млрд теңгені құрайды, немесе былтырғыға қарағанда шамамен 2 есе көп. Бүгінгі таңда 14,3 млрд. теңге сомасына 74 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды», - деді ол.
Министрдің айтуынша, биыл форвард сатып алу аясында сатып алынатын өнімдер тізбесіндегі ауыл шаруашылығы дақылдары 4-тен 9-ға дейін кеңейтілген.
«Мәселен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және азықтық базаны нығайту үшін бидай және арпамен бірге, қарақұмыққа, күнбағысқа және басқа да майлы дақылдарға келісімшарттар жасалатын болады. Осыған байланысты, облыстар әкімдіктерінен өтінімдерді Үйлестіру кеңестері қараған кезде облыстар бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алу бойынша алдын ала бөлуді ескеруді сұраймыз», - деді Сапархан Омаров.