Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемінде өсім қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік облыстарда ылғалдың күздік дәнді дақылдардың өнімділігіне теріс әсер етті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл  ауыл шаруашылығы өнімінің көлемінде өсім  қандай болады

«Биылдың қаңтар-шілде айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4%-ға ұлғайып, 1 трлн 997,3 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,4%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімдері 296,6 млрд теңгеге өндірілді, бұл нақты мәнде өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 3,1%-ға аз. Белгілі болғандай, биыл бірқатар өңірлерде жауын-шашынның болмауы, жоғары атмосфералық температурамен қатар жүрді, сондай-ақ оңтүстік облыстарда су аздығы процесі сақталуда. Бұл мән-жайлар күздік дәнді дақылдардың өнімділігіне теріс әсер етті», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, облыстар әкімдіктерінің жедел деректері аясында биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 12,3 центнерді құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі түсімділіктен 35%-ға аз.

«Облыстар бөлінісінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық деңгейден жоғары өсу қарқыны 6 облыста: Ақмола (111,8%), Жамбыл (104,2%), Павлодар (103,9%), Шығыс Қазақстан және Қарағанды (103%), Қостанай (102,7%) облыстарында байқалды», - деді ол.