Биыл ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 5 пайыз болады деп болжанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 5 пайыз, құрылыс жұмыстарының өсімі 4,5 пайыз деңгейінде күтіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті. Еске салайық, жалпы отырыста «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
None
None

Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында экономикалық өсімнің бір пайызға дейін бәсеңдеуі ескеріле отырып, ЖІӨ нақты өсімінің болжамы 1,2 пайызға төмендетілген. Бұған бірқатар себептер әсер етеді. «Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға қысқаруына негізделген, оның ішінде жоспардағы мұнай өндірудің 1,5 млн. тоннаға төмендеуі әсер етеді. Өнеркәсіптік өнім өндірісі мен сыртқы сауда көлемінің төмендеуі нәтижесінде көрсетілетін қызметтер саласындағы өсім 2,5 пайызға бәсеңдеуі болжанады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы өсім 5 пайызды, құрылыс саласындағы өсім 4,5 пайызды құрайды деп күтіледі», - деді М. Құсайынов.

Оның айтуынша, болжамдар бойынша ағымдағы жылы экспорт көлемі былтырмен салыстырғанда 39,2 пайызға төмендеп, 48,8 млрд долларды, ал импорт 21 пайызға төмендеп, 34,4 млрд долларды құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар