Биыл ауыл шаруашылық дақылдары 21,8 млн. гектарға егiледi - А. Мамытбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ауыл шаруашылық дақылдары 21,8 млн. гектарға егiледi деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков мәлiм еттi.
"Бүгiнгi жағдай бойынша, жаздық дәндi-дақылдарды егу 9244,9 га немесе жоспарланағанның 61,9 пайыз алқапта жүргiзiлдi. Жалпы үстiмiздегi жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн. га егу жоспарланған", - дедi министр.
Оның айтуынша, оңтүстiк аймақтарда жүгерi мен күрiштен басқа жазғы дәндi дақылдарды себу аяқталды, батыс пен шығыста өңiрлердiң облыстарында жоспарланғанның 79 пайыз шамасында жүргiзiлдi.