13:17, 06 Маусым 2023 | GMT +5
Биыл автомектептер 441 млн теңгеге қызмет көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері жүргізушілерді даярлау мектептері көрсеткен қызметтердің көлемі 441,3 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық статистика бюросы мұның ішінде бюджет есебінен 27,3 млн теңге, кәсіпорындар есебінен – 44,9 млн теңге, халық қаражаты есебінен – 369 млн теңгеге қызмет көрсетілгенін мәлімдеді.
«Қызметтердің ең көп көлемін Батыс Қазақстан облысының автомектептері көрсеткен – 64,5 млн теңгеге, одан кейін Қарағанды және Ақтөбе облыстары, сәйкесінше 55,2 млн және 46,8 млн теңгеден. Көлік жүргізушілерін оқыту бойынша қызметтің ең аз көлемі Шымкент қаласында – 3,4 млн теңгеге», - деп жазды ведомстводан.