Биыл Азия-Тынық мұхиты өңірінің экономикалық дамуы 6,2 пайыз деңгейінде болады - АДБ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Азия-Тынық мұхиты өңірінің экономикалық дамуы 6,2 пайыз деңгейінде болмақ. Бұл туралы бүгін Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысында АДБ президенті Такехико Накао мәлім етті.

Биыл Азия-Тынық мұхиты өңірінің экономикалық дамуы 6,2 пайыз деңгейінде болады - АДБ

«Азия экономикасы өзінің қуаттылығын сақтап келеді. Дамушы Азия-Тынық мұхиты өңірінде 2013 жылы ЖІӨ 6,1 пайызға өсті. Алдағы мерзімде үлкен сұранысқа орай өңір табысты болады және өнеркәсіпті дамыған елдерде экономикалық өсімнің перспективалары жақсарады деп болжануда. Біз 2014 жылы өңірдегі өсім қарқынын 6,2 пайыз, ал 2015 жылы 6,4 пайыз деңгейінде болады деп күтудеміз»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, өңірдегі дамуға қатысты кейбір тәуекелдер сақталуда. Бұл өз кезегінде дамыған экономикалардың монетарлық саясатының өзгеруіне және өңірдегі кейбір экономикалардың өсім қарқынының төмендеуі ықтималдығына байланысты болуы мүмкін.

«Өңірдің макроэкономикалық ахуалы нығая түсті. Қаржылық жүйелерді капиталдандырудың жоғары пайыздылығы байқалуда. Шетелдік валюталардың резервтері артты. Айырбастау бағамының саясаты икемді бола түсті», - деді Такехико Накао.