Биыл «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің 806 шақырымы пайдалануға беріледі - А.Жұмағалиев

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің 806 шақырымы пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Биыл «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің 806 шақырымы пайдалануға беріледі - А.Жұмағалиев

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы қазіргі баңда Мемлекет басшысының бақылауында тұр. Осы жылы 806 шақырым учаскеде жұмыстар аяқталады деп болжануда. Біз қазірдің өзінде 710 шақырымды пайдалануға беруге дайындадық. Ал қалған бірнеше шақырым жолды жыл соңына дейін аяқтайтындығымызға сенімдіміз», - деді А.Жұмағалиев.

Министрдің мәліметіне қарағанда, магистральдің қазақстандық бөлігі 6 жыл бойы салынуда. Жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Бұл мегажоба құрылысында шамамен 35 мың адам, 4,5 мың техника жұмыс істеуде.