Биыл базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі 8,6 пайызға жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2014 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,3 пайызға жоғарылап, 4 716,6 млрд. теңгеге жетті.

Биыл базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі 8,6 пайызға жоғарылады

«2014 жылғы қаңтар-қазанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2 551 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда нақты мәні 15,6 пайызға артық», - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.

Биылғы 10 айда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 8,6 пайызға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45,9 пайызды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 65,4%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға өсті, азық-түлік тауарлар - 10,2 пайызға ұлғайды.

2014 жылғы 1 қарашаға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 312,7 млрд. теңгені құрады, сауда күндеріне шаққанда 51 күнге жетеді.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2014 жылы қаңтар-қазанда республикада Алматы қаласы (27,5%), Астана қаласы (10,4%) және Қарағанды облысы (9,6%) қамтыды.