Биыл бидай түсімі қандай болады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде дәнді дақылдардың жалпы түсімінің болжамды көлемі 18,3 млн тонна болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға, сондай-ақ бірқатар елде дәнді дақылдар өсімінің төмендеуіне байланысты алдымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет тұр. Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, дәнді дақылдардың жалпы түсімінің болжамды көлемі 18,3 млн тонна болады, Оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан асады деп күтілуде. Бұдан басқа, республикада 3,1 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы, оның ішінде 2,5 млн тонна бидай бар», - деді министр.

Ербол Қарашөкеевтің атап өтуінше, ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, жалпы астық жинаудың күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ астықтың белгілі бір көлемін экспортқа шығарып, тиісінше дәстүрлі нарықтарымыздағы сауда позицияларымызды сақтау үшін жеткілікті.


Соңғы жаңалықтар
telegram