Биыл бірінші тоқсанда теміржолмен тасымалданған жүк көлемі 2,1 пайызға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде теміржол көлігімен 96,9 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл бірінші тоқсанда теміржолмен тасымалданған жүк көлемі 2,1 пайызға артты

«Жалпы алғанда, 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 4,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 млн тоннаға немесе 26 пайызға жоғары. Сондай-ақ 2020 жылғы бірінші тоқсанда контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 149,30 мың жиырма футтық эквивалентті құрады. Бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 7 пайызға жоғары», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер тасымалдау көлемі 76,3 мың жиырма футтық эквивалетті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11 пайызға көп.Ал жолаушылар тасымалы көрсеткіші бұл кезеңде 8 пайызға төмендеп, 4,8 млн адамды қамтыды.