Биыл бізге қабылданған студенттер саны өткен жылмен салыстырғанда 1100-ге ұлғайды - ҚазҰПУ ректоры

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетіне қабылданған студенттер саны  биыл өткен жылға қарағанда  1100-ге артты.
None
None

Оны еліміздегі педагог мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орнының  ректоры Серік Пірәлиев бүгін  Білім күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Биыл ҚазҰПУ-не қабылданған студентердің 906-сы мемлекеттік гранттың иегерлері. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  200 бірлікке артық. Биылғы оқуға қабылдау науқаны жас талапкерлеріміздің білімге деген құштарлығының арта түскенін, олардың білім деңгейі бұрынғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болғанын көрсетті», дейді  ректор. 1-ші курс студенттері мен университет оқытушыларын 2009-2010 жаңа оқу жылымен құттықтаған Серік Пірәлиевтің айтуынша, биыл  бакалавриатқа 2215, екінші жоғары білім алуға - 240, ал   колледжден кейінгі қысқартылған және жеделдетілген оқу бағдарламасы бойынша 1229 талапкер оқуға қабылданып отыр.  Мерекелік шара одан кейін  «Жалын» тобы мен университет өнерпаздары  дайындаған концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар