Биыл Болон декларациясына 12 қазақстандық университет қол қойды - Ж.Түймебаев
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде ведомство басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Елбасының қазанның 13-інде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған дәрісі жөнінде «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы серпіліс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Болон декларациясына барлығы 30 қазақстандық университет, оның 25-сі соңғы үш жылда қол қойған. Ал биыл олардың саны 12 болды. Болон декларациясы дегеніміз студенттердің жан-жақтылығы, кредиттік технология, бүкіл әлемге тән үш деңгейлі білім алу: ол - бакалавриат, магистратура, докторантура. Бүгінде студенттердің кредиттік технологияның арқасында сынақтар мен емтихандар саны жөнінде өз мамандығы бойынша Қазақстаннан тыс басқа жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндіктері бар», - деп атап өтті ведомство басшысы.