Биыл Бұланды ауданында 95 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында көппəтерлі екі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 жəне 45 пəтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нысандардың екеуін де ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, тағы 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланған. Оның ішінде екі 60 пəтерлі тұрғын үй Макинск қаласында қолға алынса, бір 40 пəтерлі тұрғын үй Каменный карьер кентінде, бір 45 пəтерлі тұрғын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қатысуымен «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жұмысшылары үшін салынатын болады», - дейді ведомство.

Соңғы жаңалықтар