Биыл бюджеттің кірісі 3,7 трлн теңге ұлғайтылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту есебінен Биыл бюджеттің кірісі 3,7 трлн теңге ұлғайтылмақ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр бюджеттің кірістілігі бойынша рекордтық өсімге қол жеткіздік. Биылғы меже содан асып түсуге бағытталған. Яғни, кірісті 3,7 трлн теңгеге ұлғайту қажет. Осыған байланысты көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту және салық-кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі жұмысты жандандырамыз», - Ерұлан Жамаубаев.

Министр «Бірыңғай терезе», «Астана1», «Электрондық шот-фактура» сияқты ақпараттық жүйелер негізінде тауар қозғалысын қадағалаудың ұлттық жүйесі жаңғыртылып жатқанын атап өтті.

«Халық пен бизнеске ыңғайлы болу үшін «Е-салық азамат» және «Е-салық бизнес» сияқты мобильді қосымшаларымен қамтуды кеңейтеміз. Қаржы ұйымдарына арналған электрондық сервистер арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің серпінді өсуін қамтамасыз етеміз. Кедендік статистиканың алшақтығын төмендету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Ол үшін негізгі саудадағы әріптес елдермен ақпарат алмасу жолға қойылуда», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар