Биыл да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 30 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілетін болады

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Биыл да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 30 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілетін болады

Арнайы шақырылған ардагерлерге сый-сыяпат көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары оларды келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Шараға 80-нен аса Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлері қатысты.

Алматы қалалық жұмыспен қамту басқармасы өкілдерінің айтуынша, Алматыда 1913 соғысқа қатысушылар бар, ал 21 721-і еңбек майданының ардагерлері.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерді ұлықтауға арналған мерекелік шаралар жоспарлануда және материалдық көмек көрсету де көзделген. Биыл Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес (№ 423. 2011 жылдың 29 сәуірінен) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 30 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілетін болады. Барлығы осы мақсатқа 57 390 000 теңге бөлінген.