Биыл «Достық үйлерін дамыту» тұжырымдамасы бекітіледі - А.Мұхамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің өңірлеріндегі Достық үйлері базасында Ассамблея жұмысын қамтамасыз ететін мекемелер құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кезде елімізде он Достық үйлері жұмыс істеуде, оның тоғызы өңірлік және біреуі - республикалық . Елбасының тапсырмасына сәйкес алты өңірде, яғни Астанада қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында Достық үйлерінің арнайы ғимараттарының құрылысы бойынша жұмыстар жүруде. Биылғы жылы «Достық үйлерін дамыту» тұжырымдамасы бекітіледі»,- деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Алматыдағы республикалық «Достық үйі» базасында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемесі құрылады. Осы тектес ұстаныммен кіші ассамблеялар жұмысын қамтамасыз ететін өңірлік мекемелер құрылатын болады.

Соңғы жаңалықтар