Биыл егін жинау науқаны аясында диқандарға 1500-ден астам техника табыс етілді - ҚазАгроҚаржы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы егін жинаунауқанын қаржыландыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 27,4 млрд. астам теңгеге 1 966 бірлік техника сатып алуға өтінім қабылдады. Өтінімдердің негізінде қаржы лизингі шарттары жасалып, аграршыларға сомасы 19,5 млрд. астам теңгеге1545 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы табыс етілді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Агроөнеркәсіп өкілдері көбінесе комбайн сатып алуды қажетсінеді. Жалпы табысталған техника санының 500 бірлігі техниканың осы түрін құрап отыр.. Қазақстандық диқандардың басым бөлігі отандық құрастыру өндірісінің VECTOR, НИВА KZ, ESSIL сияқты комбайндарын, сондай-ақ Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, АҚШтан және Еуропадан әкелінетін техникаларды таңдайды», делінген баспасөз баянында.

Комбайндардан басқа, қазақстандық құрастыру өндірісінің тракторларын, астық кептіргіштер, дестелегіштер, шөп шабатын машиналар, десте жинағыштар мен өзге де қосымша техникалар сатып алуға тапсырылған өтінімдердің саны жыл сайын көбейіп келе жатқаны байқалады.

«Тұтас алғанда, статистикаға сәйкес, егіс даласында жұмыс істеп жатқан техникалардың көпшілік үлесі елімізге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жеткізілген деп айтуға болады. Бүгінгі таңда компания лизингке техника алу үшін анағұрлым ұтымды шарттарды ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 10% мөлшеріндегі аванстық төлемнің мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарта отырып, 7 жылға дейін несиелендіру мерзімін көздейді. Ауа-райы жағдайларының ықтимал кедергілерін ескере келіп, осыған ұқсас шарттар лизингке дән тазартқыш және дән кептіргіш жабдықтарын сатып алу үшін де көзделген», делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, өткен жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 336,4 млрд. теңгеге 33,7 мың бірліктен астам ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар сатып алуды қаржыландырған. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық машина-трактор паркін жаңарту бойынша «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. 2015 жылы техника сатып алуға 32 млрд. теңге, соның ішінде, көктемгі-дала жұмыстарына -10,5 млрд.теңгежәнеегінжинаужұмыстарына -18 млрд.теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар