Биыл егіс алқаптарында жоғары өнім болатыны болжануда

ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау науқанын белсенді жүргізуде.

Биыл егіс алқаптарында жоғары өнім болатыны болжануда

Биыл еліміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 21,2 млн. гектарды құрап отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар -16,3 млн. гектар болса, ондағы егілген бидай көлемі -14,1 млн. гектарды құрайды. Майлы дақылдар - 1,8 млн. гектар аумаққа, мақта - 152,3 мың гектар, ал қант қызылшасы - 21,1 мың гектарға, картоп пен көкөністер 177,5 және 188,5 мың гектарға егілген.

«Қазақстанның егін егетін негізгі аймақтарында агрометеорологиялық жағдай қолайлы болуда. Ондай өңірлерде маусым және шілде айының басында мол жаңбыр жауғандықтан жер ылғалдығының жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Егістік жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда біршама жақсарған, атап айтқанда дәнді алқаптың 99 пайызы, майлы дақылдар, күріш және мақта егістігінің 96 пайызы, қант қызылшасының 85 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда», - делінген баспасөз айғағында.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, егінді жинау іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жан-жақты қабылданды. Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға қарастырылған 177 млрд. теңгенің жалпы 94,4 млрд. теңгесі көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарына жұмсалады. Оның ішіндегі 78 млрд. теңге - бюджеттік несие қаражаты. Соған қоса, тиімді сыйақы мөлшері 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді.