Биыл екі ұшағынан айырылған Malaysia Airlines әуе компаниясы зор шығындарға батты

Бұл өткен жылмен салыстырғанды тым көлемді шығын. Себебі өткен жылдың дәл осы уақытынжа компанияның шығыны екі есе аз болған, яғни 175 млн. ринггитті (55,6 млн. долларды) құраған. Әуе желісі қызметкерлерінің айтуынша, мұның басты себебі - биыл бірінен соң бірі орын алған ірі ұшақ апаттары. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш әуе компаниясының Куала-Лумпурден Бейжіңге бет алған MH370 рейсі 239 жолаушысымен 8 наурыз күні жоғалып кеткен болатын. Артынша, 17 шілдеде Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан Boeing 777 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 298 адам ажал құшқан еді. «MH370 рейсінің апатқа ұшырауы мен бәсекелестіктің артуы салдарынан билеттерді брондау 6,7%-ға төмендеп кетті», делінген компания хабарламасында. Қазір Malaysia Airlines Малйзия үкіметінің инвестициялық қорынан көмек күтіп отыр. Әуе тасымалдаушысы екінші жартыжылдықтағы қаржылық қорытынды нәтижелері бұдан да нашар болуы мүмкін, деп отыр.