Биыл экспорттаушылардың 10 млрд теңге шығыны өтеледі - министрлік
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында QazTrade Үкімет қаулысымен экспорт бойынша шығындарды өтейтін Бірыңғай оператор болып айқындалды. 2022 жыл ішінде 8,8 млрд теңге сомасына шығындар өтелді. Өсім 2021 жылмен салыстырғанда 47 пайызды құрады. 212 экспорттаушыға қолдау шарасы көрсетілді. Бір жыл ішінде отандық кәсіпорындардың 486 өтінімі өңделді. 2021 жылмен салыстырғанда өтініш берушілердің саны 31 пайызға артты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның дерегінше, өткен жылы экспорттық шығындарды өтеуді негізінен шағын бизнес кәсіпорындары алды. Олардың үлесі шамамен 48 пайызды құрады. Бұл - азық-түлік өндірісі және көтерме сауда салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар.
«Аталған қолдау іс-шараларын көрсету нәтижесінде экспорт географиясы үш елге артқанын атап өткен жө. Олар – Кипр, Франция және Жапония. Шығындарын өтеу жүзеге асырылатын тауарлар тізілімі 53 позицияға артты. 2023 жылға арналған жоспарымыз мұнан да жоғары. Аталған қолдау іс-шарасын алуға өтінімдер қабылдау 21 сәуірден бері жүргізіліп жатыр. Ол 3 айға созылып, 21 шілдеге дейін жалғасады. 2023 жылдың соңына дейін шамамен 10 млрд теңге сомасына өтінімдерді мақұлдау жоспарланып отыр. Бұл аталған қолдау іс-шарасын пайдаланған кәсіпорындардың санын 300-ге дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.