Биыл Электронды үкiметтiң Бiрыңғай байланыс орталығына 1 миллионға жуық өтiнiш түскен
Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев мәлiм еттi.
Қазақстанның әрбiр азаматы тәулiк бойы, қазақ және орыс тiлдерiнде Электронды үкiметтiң Бiрыңғай байланыс орталығынан өзiне қажеттi кез келген ақпаратты ала алады. Бүгiнгi таңда жыл басынан берi бiзге азаматтардан 950 мыңнан астам өтiнiш келiп түстi. Бiздiң операторлар күнiне 6 мыңнан астам коңырауды қабылдайды", - дедi Р. Еңсебаев.
БҰҰ сарапшыларының зерттеуiне сәйкес, Қазақстан онлайн қызметтердi көрсету индексi бойынша 12-орында және онлайн қатысуы бойынша 2-орында.
"Бiз онлайн режімінде көрсетiлетiн қызметтердiң санын әрдайым арттырып келемiз. Мәселен, келешекте электронды үкiметтiң қызмет көрсету аясына тiркеудiң кешендi қызметтерiн, баланың тууы туралы тiркеудiң бiрыңғай үлгiсiн жасауды, жұмыссыз және шет ел азаматтарын тiркеудi, сонымен қатар электронды визаларды берудi енгiзудi жоспарлаудамыз. Автоматтандыруға жататын барлық үдерiстердi бiз электронды нұсқаға көшiрудi көздеудемiз", - Р. Еңсебаев.