Биыл элеваторлардың тапшылығы мәселесі қайтадан туындауы мүмкін - Қазақстан фермерлері одағы

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Биыл элеваторлардың тапшылығы мәселесі қайтадан туындауы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Фермерлері одағының президенті Әуезхан Даринов мәлім етті.

Биыл элеваторлардың тапшылығы мәселесі қайтадан туындауы мүмкін - Қазақстан фермерлері одағы

«Биыл астық молынан жиналады. Оны бәріміз жақсы білеміз. Ағымдағы жылы да элеваторлардың тапшылығы мәселесі туындауы мүмкін. Ондай жағдай 2011 жылы болған. Сол кезде біраз шығындар болды. Сондықтан бүгіннен қалдырмай, солтүстік облыстардағы элеваторлардан астықты басқа аймақтарға тасымалдау жұмысын барынша реттеп, тиісті шығындарды ескеріп алған жөн. Осыған орай, бізге нақты шешімдерді қабылдау қажет», - дейді Ә.Даринов.