Биыл елге оралған қандастар қай өңірлерге көшіп барады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабыладайтын өңірлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл елге оралған қандастар қай өңірлерге көшіп барады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сай, биыл қандастар еліміздің мына 8 облысына қоныстандырылады:

1. Ақмола облысы;

2. Атырау облысы;

3. Шығыс Қазақстан облысы;

4. Батыс Қазақстан облысы;

5. Қостанай облысы;

6. Павлодар облысы;

7. Солтүстік Қазақстан облысы;

8. Абай облысы.

Ал, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларды мына 8 өңір қабылдайды:

1. Шығыс Қазақстан облысы;

2. Қостанай облысы;

3. Павлодар облысы;

4. Солтүстік Қазақстан облысы;

5. Қарағанды облысы;

6. Ақмола облысы;

7. Абай облысы;

8. Ұлытау облысы.

Ашық НҚА порталында жарияланған министрлік бұйрығы 21 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Айта кетейік, былтыр елге оралатын қандастар солтүстіктегі 5 облысқа қоныстанған болатын.

Сонымен қатар, биыл қандастарды қабылдау квотасының саны ұлғайды.