Биыл елімізде 28 инсульттік орталық ашылады - С.Қайырбекова

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл елімізде 28 инсульттік орталық ашылады.
None
None

Бұл туралы бүгін 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы қарастырылған Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ми қан айналымының өткір бұзылуынан халықтың өлім-жітімі мен мүгедектікке ұшырауын төмендету мақсатында 2012 жылы 20 инсульттік орталық ұйымдастырылды. 2013 жылы толық жабдықталған әрі кадрлармен қамтамасыз етілген тағы 28 орталық ашу жоспарланып отыр», - деді С.Қайырбекова.

Соңғы жаңалықтар