Биыл елімізде 348 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр - Б. Сапарбаев

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл елімізде 348 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандыру үшін ең алдымен жаңа жұмыс орындарын құруға назар аударылады. Салалық министрліктердің, «Самұрық-Қазына» және ҚазАгро» акционерлік қоғамдарының деректеріне сәйкес, биыл 348,3 мың жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейтін 5 мың 758 жобаны іске асыру басталады», деді селекторлық кеңесте Б. Сапарбаев. Оның айтуынша, жаңадан құрылатын жұмыс орындарына ең алдымен тиісті мамандықтардың жұмыстан босаған жұмыскерлерін жіберу көзделіп отыр. Б. Сапарбаевтың пікірінше, дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Үкіметтің қаржы секторын, шағын және орта бизнесті дамытуға , инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлген қаражаты қосымша жұмыс орындарының ашылуына негіз болуы тиіс. «Сарапшылардың бағалауы бойынша, жаңадан ашылатын бір жұмыс орнының құны - 90 мың мен 840 мың теңгенің аралығында. Осыны негізге алатын болсақ, онда күтіліп отырған жұмыс орындарының саны 1 миллионнан кем болмауы тиіс», деді министр.
Соңғы жаңалықтар