Биыл елімізде 418 мектептің құрылысы басталады - ҚР БҒМ

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда 418 мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Болатбек Әбдірасылов өзінің Twitter-дегі шағын блогына жазды.
None
None

«2012 жылдан бастап республикалық бюджеттен 203 және барлық өңірлердің жергілікті бюджеттерінен 215 мектептің құрылысы басталады», - деп жазды ол.

Оның атап өтуінше, бұл шаралар апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар